google-site-verification: google2be7c462c6f690be.html
ADD alt

Equinox

14 500 000 ₸ бастап

НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕР

Chevrolet Equinox бұл қозғалыс тәсілінен де артық.

Бұл қуатты турбиналы 2.0 л қозғалтқышы бар, спорттық дизайнды және заманауи сипаттамалары бар кроссовер.

Қашанда байланыста болуға көмектесетін технологиялардың, сондай-ақ қауіпсіздіктің жоғары деңгейінің арқасында көлік жүргізуден көптеген әсерлер мен рақат аласыз.

Қазақстан Республикасында автокөлік RS спорттық топтамада ұсынылған.

 

Chevrolet Equinox – сенің жаңа тұлғаң!

 

 

Equinox
Equinox
Equinox
Өз түсіңізді таңдаңыз * түстің бар-жоғын Сіздін дилерінізден сұраңыз
14 500 000 ₸ бастап Несие бағдарламалары үшін қол жетімді

Chevrolet Equinox – бұл дизайн мен технологиялар арасындағы тамаша тепе-теңдік. Кез келген бұрыштан мүсіндік экстерьер ұмытылмас әсер қалдырады.

Алдыңғы жүрістің LED шамдары қосылды және радиатор торы өзгерді, соның арқасында автокөлік барынша заманауи әрі батыл болып көріне бастады. Алдыңғы жағының фаралары тартымды, көлемді бампері бар, төмен түсіп тұрған төбесі бар айқын сұлбалы, бүйіріндегі рельефті жарқылдар және дөңгелектердің ірі аркалары бар, артқы жағы жинақы, талғампаз шамдары, жүк салғыштың үлкен қақпағы және газ шығаратын жүйенің екі трапеция тәрізді келтеқұбыры бар.

Арнайы RS топтамасының арқасында автокөлік экстерьер дизайнындағы сәнді элементтермен көлік ағыны ішінде ерекшеленеді.

Chevrolet Equinox іші әдемі және теңдестірілген дизайнымен, жақсы ойластырылған эргономикасымен және жоғары деңгейдегі қызметімен ерекшеленеді.

Бірнеше аналогті шкалалары бар аспаптар мен борткомпьютер тақтасының комбинациясы, үш кегейлі жиегі бар былғары көп функциялы рулі және медиаорталықтың тачскрині мен климаттық жүйенің блогы орналасқан сәнді орталық консолі бар, кроссовердің интерьері визуалды түрде ұмытылмас әсер қалдырады.

Салон бес орынды және ондағы бос кеңістік барлық жолаушылардың емін-еркін отыруына мүмкіндік береді. Алдында отыратын жолаушылар «денені босаңсытатын» бүйір профилі бар креслолардан, реттеулер мен жылытудың үлкен жиынтығынан ләззат алады, ал артқы жағында отыратын жолаушыларға толыққанды үш орындық диван ұсынылады.

Арсеналында шынымен де көлемді жүк салғыш бар, ол дұрыс пішінімен және үлкен саңылауымен сипатталады, стандартты күйде оған 670 литрге дейін, ал орындықтары жиналған кезде 1627 литрге дейін жүк сыяды.

 

Chevrolet Equinox ішінде турбиналы 2 литрлік LSY қозғалтқышы, өнімділікке қарағанда отынды үнемдеуге көп көңіл бөлетін, отынды және іске қосу-тоқтату жүйесін белсенді басқаруды қосатын LTG жалғастырғышы бар. Ең жоғары қуат LTG-ге қарағанда төмен, бірақ қуат пен айналу сәтінің төменгі айналымында қол жеткізіледі.

Алдыңғы модельмен салыстырғанда әртүрлі жағдайларда жүргізушіге айтарлықтай көмектесетін келесі қызметтер қосылды

  • Бетпе-бет соқтығысуды ескертетін UEU жүйесі  
  • Жолақтан шығуды ескертетін UHX жүйесі
  • ҚАУІПТІ ҚЫСҚА АРАҚАШЫҚТЫҚ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТЕТІН UE4 ЖҮЙЕСІ
  • Жаяу жүргіншілерді анықтайтын UHY жүйесі
  • Бейімделген круизді бақылау жүйесі
  • АРТҚЫ ЖҮРІСПЕН ШЫҒУ КЕЗІНДЕ КӨМЕК КӨРСЕТЕТІН UFG ЖҮЙЕСІ
  • БҮЙІРЛІК ЖАСЫРЫН АЙМАҚТАР ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ, UKC
Өтініш қалдыру