google-site-verification: google2be7c462c6f690be.html
CHEVROLET COBALT ЕКІНШІ ЖЫЛ ҚАТАРЫНАН  ҮЗДІК ТАУАР ДЕП ТАНЫЛДЫ

CHEVROLET COBALT ЕКІНШІ ЖЫЛ ҚАТАРЫНАН ҮЗДІК ТАУАР ДЕП ТАНЫЛДЫ

Қостанай облысында "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік көрме-байқауының жеңімпаздары таңдалды. Биылғы жылы іс – шараға қатысушылардың рекордтық саны - 200-ге жуық. Барлығы "Халық үшін үздік тауар", "Азық-түлік тауарлары", "Өндірістік мақсаттағы үздік тауар" номинацияларында жеңіске жету үшін күресті.

Байқау қорытындысы бойынша "Халық үшін үздік тауар" номинациясында Қостанай Allur зауытының Chevrolet Cobalt автокөлігі жеңіске жетті.

"Chevrolet брендінің өндірісі, әсіресе бұл модельді біз өз зауытымызда асыға күттік. Өйткені жыл сайын Cobalt қазақстандықтардың назарын өзіне аударатынын түсіндік. Бұл, ең алдымен, қолжетімді бағадағы автокөліктің сапасына байланысты. Біз сенімдеріңіз үшін барлық автоәуесқойларына үлкен рахметімізді білдіреміз", - деді GR және PR қызметінің басшысы Ерлан Тулетаев.

Айта кетейік, Chevrolet Cobalt үшінші жыл қатарынан Қазақстандағы ең көп сатылатын автокөліктер тізімінде бірінші орынды иеленді. ҚАБҚ сарапшыларының мәліметінше, 2023 жылдың алғашқы жарты жылдығында 15 мың қазақстандық Chevrolet Cobalt-қа қарай таңдау жасады.

Айта кету керек, 2022 жылы бұл авто моделі "Халық үшін уздік тауар" номинациясында да жеңіске жетті. Енді зауыт конкурстың республикалық кезеңінде өңірді таныстырады.

Өтініш қалдыру