google-site-verification: google2be7c462c6f690be.html
Chevrolet Оnix Қазақстандағы автомобиль нарығы көшбасшыларының қатарында орнықты

Chevrolet Оnix Қазақстандағы автомобиль нарығы көшбасшыларының қатарында орнықты

Chevrolet жаңа Chevrolet Оnix моделінің пайда болғаннан кейінгі алғашқы айлардағы рекордтық сатылымын жариялады.

Қазақстандық автобизнес ассоциациясының (ҚАБА) деректері бойынша 2023 жылдың алғашқы жеті айында қазақстандық дилерлер 102 069 бірлік жеңіл автомобильдер мен жеңіл коммерциялық техниканы сатты, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 88,6% - ға артық.

Chevrolet бренді сатылымдағы кезекті серпілісті көрсетеді: мамыр айының соңында компания қазақстандық нарық үшін мүлдем жаңа модель — бес орындық седан Chevrolet Оnix-ті  сатылымға шығарды. Сатылудың бірінші айында-ақ модель ҚР ресми сатылымдар рейтингінде жергілікті автомобиль нарығының бестселлері - Chevrolet Сobalt-тан кейін екінші орынға ие болды. Сатылым басталғаннан бері екі айдың қорытындысы бойынша Chevrolet Оnix тиімді баға ұсынысының (автомобиль 7 190 000 теңгеден бастап қолжетімді) және опциялардың барынша оңтайлы жиынтығының арқасында нарық көшбасшыларының қатарында орнықты. Қазақстандық сатып алушылардың пікірі бойынша негізгі артықшылық болып табылатын опцияларға жиынтықталуына байланысты мынадай көрсеткіштер жатады:

- АТ-мен жиынтықталған алты сатылы трансмиссия

- артқы көрініс камерасы және тұрақтау құрылғысы

- алдыңғы және артқы орындықтардың, артқы терезенің, әйнек тазалағыштардың және т. б. жылытылуы

- Apple CarPlay және Android Auto қолдайтын мультимедиа

- жартылай автоматты тұрақ жүйесі

- электр люгі

және тағы басқалар, соның ішінде заманауи қауіпсіздік технологиялары, ол үшін модель Latin NCAP стандартына сәйкес бес жұлдызға ие болған.

Өтініш қалдыру